Қырғызстан Манасты жабу жобасын талқылауда

Қырғыз үкіметі Манастағы АҚШ әскери әуе базасын жабу туралы қарар жобасын бүгін парламентке тапсырды. Бұл жөнінде үкімет өкілі мәлімдеді.

АҚШ-тың Бішкектегі елшілігінің айтуынша, Қырғызстан билігінің АҚШ әскери әуе базасын жабу туралы бұйрық бергені жөнінде ешқандай ресми хабар елшілікке түсе қоймаған.

Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев ақпанның 3-і күні сөйлеген сөзінде, АҚШ әскерилері Манас әуе базасынан шығуы тиіс, себебі Вашингтон жақсы төлемақы жасай алмады деген еді. Ол аталған мәлімдемесін Мәскеуде, Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінен кейін жасаған болатын.

Ресей Қырғызстанға 2 миллиард доллар несие ұсынуда.

Манаста АҚШ-тың 1200-дей әскериі тұр.