Пәкістандық солдаттар Талибандарда тұтқында

Пәкістан полициясының 30 офицері мен солдатын Талибан жауынгерлері Суат жазығындағы бір күнге созылған шайқастан кейін қолға түсірген болатын. Бұл үдеріс ақпанның 3-і күні Шамозай аймағында орын алған екен. Дәл сол күні Хибер Пасста Ауғанстандағы халықаралық күштерге қажетті жүктер тасымалына пайдаланылып келген көпірді қарулылар жарып жіберген болатын. Ол жолда тұрған он жүк көлігін де жарып жіберген екен.