Ватикан: Холокосты жоққа шығарушы пікірінен қайтсын

Ватикан Холокосты жоққа шығарғысы келген епископтың, егер ол Рим Католик шіркеуіне қайта қабылданғысы келсе, көпшілік алдында өз райынан қайтқанын жариялауына ақпанның 4-де бұйрық берді. Сондай-ақ Ватиканның айтуынша, ол епископты шіркеуге қайта алу рәсімін өткен айда жасаған кезде папа Бенедикт 16 оның Холокаусты мойындамайтынын білмеген еді. Бұл оқиғалар Германияда үлкен наразылық туындатқан болатын.