Шымкентте белгісіз біреудің оғынан оқушы қыз жарақаттанып қалды

Шымкенттегі Гагарин мен Чехов көшелерінің қиылысында орналасқан №26 мектептің жанында көшеде мылтық атып келе жатқан белгісіз біреудің оғы абайсызда осы мектептің 8-сынып оқушысына тиіп кеткен. Қолы мен денесі жарақаттанған 14 жасар қыз ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.