7 ақпан күні Чехияда жүрген қазақ босқындарының үлкен тобы Чехия астанасы - Праганың орталық Вацлав алаңында чех үкіметінің шеттету саясатына қарсы наразылық митингісін өткізді. Олар әлем қауымдастығынан және Еуропа Одағынан көмек сұрап үндеу жасады.
Праганың қақ орталығындағы тарихи Вацлав алаңында 2 сағат бойы жалғасқан наразылық митингісіне елуге жуық қазақ босқыны, оның ішінде әйелдер мен балалар жиналды. Сәбилердің кейбірі чех жерінде дүниеге келіп үлгерген.
Босқындар митингіге чех және ағылшын тілдерінде саяси талап-тілектері жазылған плакатар мен үндеулер ұстап шықты. Чехия билігі наразылық шарасын өткізуге қарсы болмаған. Митингіде сөйлегендер әлем қауымдастығының назарына арналған үндеуін 4 тілде - ағылшын, чех, орыс және қазақ тілдерінде оқып берді.
Өздерін “Қазақстанның ар-ұждан тұтқындары” деп атаған қазақ босқындары Чехия үкіметінің өздерін шеттететін көші-қон саясатын қолданып отырғанына қарсы наразылық митингісін өткізуге мәжбүр болғандарын айтады:
“Бізді наразылық шарасына шығуға өзіміздің маңайымызда қалыптасып отырған адам айтқысыз ауыр жағдай мәжбүр етті. Біз Чехияның көші-қон қызметінің көрсоқыр саясатының құрбаны болдық. Билік бізге босқын мәртебесін беру мәселесін тиянақты әрі әділ қарамады.
Осы күні Чехияның Томаш Хайшман бастаған көші-қон қызметі біздің чех жерінде уақытша қалуымызға ешқандай мүмкіндік бермей, бізді Қазақстанға күштеп қайтаруға ұмтылып отыр”.
Қазақ босқындарының атап көрсетуінше, аймақтық соттар және Брно қаласындағы Жоғарғы әкімшілік сот көші-қон қызметінің оларды елден күштеп шығаруына қолқабыс жасап отыр және сот билігі мен көшін-қон қызметі бірлесіп Қазақстаннан келген ар-ұждан тұтқындарын қаралауға тырысуда.
“Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “ажал эскадрондары” әрекет етеді, олар оппозицияның Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқаділов сынды көрнекті қайраткерлерін хайуандықпен өлтірді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың деспоттық, жыртқыштық саяси режиміне 2010 жылы төрағалық ету құқын берген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы масқара болсын!
Егер Чехияның көші-қон қызметі бізді Қазақстанға күштеп қайтаратын болса, онда Өзбекстан, Қазақстан және Зимбабве сынды Чехия да мафиялық, деспоттық режимдерге ұқсап, солардың қатарына қосылады”.
Әлем қауымдастығына арнаған үндеуінде қазақ босқындары Еуропа Одағының елдері мен Еуропа парламентінен Чехия үкіметінің көші-қон саясатына араласуын өтінеді және өздерінің тағдырларына араша түсуін сұрайды. Босқындар Еуропа Одағына 6 тараудан
- Біз Еуропа Одағынан Чехияның сот билігі әділ қарамаған біздің ісімізге араласуын және Чехияның ішкі істер министрлігінің заңсыз іс-әрекетін тоқтатуды өтінеміз;
- Біздің қауымдастығымыздың мүшелерін елден шығаруға тосқауыл қойылсын;
- Біздің ісімізге қатысты дерек-айғақтарды әділ әрі адал зерттеп, ісімізді қайта қарауды өтінеміз;
- Бізге тағылған “қоғамға қауіп және жау” деген нақақ айыптар жойылсын!
Азаттық радиосына берген сұхбатында Чехияда босқын мәртебесін ала алмай жүрген қазақ босқындарының бірі Әнуар Мұратов былай деп мәлімдеді:
“Мен мынадай маңызды жайтты ерекше айта кеткім: Біз, қазақ босқындары, жат ел болса да, Чехия Республикасында, жалпы Еуропада өзімізді әлдеқайда еркін сезінеміз.
Праганың орталық алаңында бізге босқын мәртебесін бермеген Чехия үкіметіне қарсы наразылық митингісін өткізіп жатырмыз. Митингі өткізуге біз рұқсат алған жоқпыз, митингіні қайда және қашан өткізетімізді ғана хабарладық Ал туған еліміз – Қазақстанда мұндай митингі не шеру өткізудің еш мүмкіндігі жоқтығын айтып жатудың өзі артық.
Туған еліміз - Қазақстанда біздің мұншалықты құқымыз, мұншалықты еркіндігіміз жоқ. Міне демократия деген осы болса керек! Біздің конституциямызда бейбіт митингі, шеру және тағы басқа шара өткізу құқы бар. Алайда, Қазақстанда, оның ішінде біздің Атырауда наразылық шеруін немесе митингісін өткізуге ешқандай мүмкіндік жоқ...”
Егер Чехия үкіметі және биыл Чехия төрағалық ететін Еуропа Одағы өздерінің хал-жағдайларына көңіл аудармайтын болса, Чехияда жүрген қазақ босқындары алдағы уақытта наразылық шарасын жалғастыруды, тіпті 7 ақпандағыдан да кең митингі өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақ босқындарының чех, ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде оқып берген үндеуіне сәйкес, туған елінде оларды түрлі азап пен түрме жазасы күтіп тұр. Тұтқындарының саны жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде Қытай мен Ресейден кейінгі алдыңғы қатарда келеді. Еркін ой мен сөз бостандығы үшін және жемқорлыққа белшесінен батқан Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына мойынсұнбағаны үшін Қазақстанда нақақ айыптармен түрмеге жабады, -деп мәлімдейді Чехиядағы қазақ босқындары:
“Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “ажал эскадрондары” әрекет етеді, олар оппозицияның Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқаділов сынды көрнекті қайраткерлерін хайуандықпен өлтірді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың деспоттық, жыртқыштық саяси режиміне 2010 жылы төрағалық ету құқын берген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы масқара болсын!
Егер Чехияның көші-қон қызметі бізді Қазақстанға күштеп қайтаратын болса, онда Өзбекстан, Қазақстан және Зимбабве сынды Чехия да мафиялық, деспоттық режимдерге ұқсап, солардың қатарына қосылады”.
Әлем қауымдастығына арнаған үндеуінде қазақ босқындары Еуропа Одағының елдері мен Еуропа парламентінен Чехия үкіметінің көші-қон саясатына араласуын өтінеді және өздерінің тағдырларына араша түсуін сұрайды. Босқындар Еуропа Одағына 6 тараудан
тұратын үндеуін жолдады. Олардың негізгі талаптары мынадай: