Ауғанстан президенті Хамид Қарзай елде бейбіт жағдай қалыптастыруда жетістікке жетудің бір жолы - Талибан мүшелерімен келісімге келу деп айтты. Жексенбі күні Мюнхендегі халықаралық қауіпсіздік конференциясында сөз алған президент Қарзай ауған үкіметі мен батыстық одақтастардың алдағы келешекте жетістіктерге жетуі үшін талибандармен бітімге келмеске амалы қалмады деді. Оның айтуынша, бұл әл-Қаидамен, террормен байланысы жоқ, үйлеріне қайтқысы келетін барлық талибанды ымыраға шақыру дегенді білдіреді. Хамид Қарзай бұл бағытта өз үкіметіне толық қолдау танытуды халықаралық қауымдастықтан сұрап отыр.