АҚШ-тың Ирақтағы қызметі аяқталған жоқ. Дей тұрғанмен Ауғанстан мәселесі маңызды болуда, деді Штабтар басшылары бірлескен комитетінің төрағасы, адмирал Майк Мюллен. Оның айтуынша, 20-30 мыңнан аса АҚШ әскері Ауғанстандағы Талибанға қарсы шайқаста көмектесу үшін жіберіледі. Әскери күштермен қатар дипломаттар және басқа да агенттіктер Ауғанстанда белсенді жұмыс істеуі тиіс екендігін ол айтты.