АҚШ пен Ресей ресмилерінің екі күндік келіссөзінде Ресей арқылы Ауғанстандағы шетелдік күштерге жүк жеткізетін тасымал жоспары талқыланды. Мәскеудегі АҚШ елшілігінің хабарлауынша, АҚШ делегациясын бастап келген мемлекеттік хатшы орынбасарының көмекшісі Патрик Мунмен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасарлары Сергей Рябков пен Алексей Бородавкин келіссөздер өткізді.