Украинаның қаржы министрі қызметінен кетеді

Бүгін Украина қаржы министрі Виктор Пинзеник өзінің саяси тұтқынға айналғанын айтып орнынан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы өз мәлімдемесінде Пинзеник өз министрлігінің бюджетті тепе-теңдікте ұстап тұруына саяси кедергілер жасалып келе жатқанын айтып, мұндай жағдайда өзінің қаржы министрі болып қалуы мағынасыз екенін алға тартып отыр.
Виктор Пинзеник бұл қызметке 2007 жылы желтоқсанда келген болатын.