Ауғанстанда аудан басшысы бомба жарылысынан қаза тапты

Бүгін Ауғанстанның шығысында жол бойына қойылған бомба жарылысынан аудан басшысы қаза болды. Аймақтың полиция хабарлағандай, Хост өлкесінің шығысындағы Надир Шах Кот ауданының басшысы Батиул Заман Сабари үйінен шыққанда бомба жарылған. Қатты жараланған аудан басшысы АҚШ-тың әскери емханасында көз жұмды. Жарылыстан оның жүргізушісі мен оққағары да жараланды. Сабари елден Совет әскерінің шығарылғанына 20 жыл толғанын атап өту шарасына бара жатқанда шабуылға тап болды.