Бүгін АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша тағайындаған жаңа елшісі Ауған президенті Хамид Қарзаймен кездеседі. Пәкістанда 4 күн сапармен болып қайтқан Ричард Холбрук Кабулға сенбіде келіп жетті. Өзінің аймаққа сапары алдында Холбрук Ауғанстандағы жағдай Ирақтан да қиынырақ деп айтқан болатын. Оның аймаққа 10 күндік сапары Үндістанда аяқталады.