Бүгін Ресейде жүздеген адам экономикалық дағдарыс салдарынан жұмыс орындарын жоғалтуға қарсы наразалық шарасын өткізді. Санк-Петербор қаласындағы бұл шеруге 500-дей адам жиналды. Дәл осындай шерумен Мәскеу орталығына да 100 шақты адам жиналып, еңбекшілер құқын қорғауды сұрады. Көлік шығаратын Тольятти қаласында да ондаған жұмысшы жалақыны төмендету мен жұмыстан қысқартуға қарсылық танытты. Бұл көлік өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың наразылық шараларына тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары қосылып, экономикалық қиын кезеңде еңбеккерлердің құқы шектеліп жатқанына алаңдаушылық білдірді.