Иран ресмилерінің хабарлауынша, елдегі парламент үйі алдында бір адам өзін тірідей өртеді. Парламент спикері Али Ларижани оны бұрын сотталған адам деп айтып, оның басқа жағдайына тоқталмады. Жергілікті ақпарат көздері өзінің проблемасына парламент өкілі құлақ аспаған соң өзін-өзі өртеп өлтірген ол адам 1980 жылдардағы Ирақ пен Иран арасындағы соғыстың ардагері екенін жазып жатыр. Иранда соғыс ардагерлеріне жоғары құрмет көрсетіледі, бірақ сын айтушылар бүгінгі үкімет олардың қажеттілігіне назар аудармай отыр деп айтады. Жарты миллионнан аса ирандық мүгедек соғыс ардагері екен.