Талибандар Суат жазығында атысты 10 күнге тоқтатты

Пәкістанның Суат жазығындағы талибан жауынгерлері 10 күнге атысты тоқтататындарын жариялады. Талибан өкілінің айтуынша, бұл үкіметтік ресмилер мен жауынгерлер арасындағы келіссөздер барысында жасалған "ынтымақ қадамы" болды. Сонымен қатар талибан өкілі Хан жексенбі күні 5 ай бойы тұтқында болған қытайлық инженердің босатылуы да жақсы сенімнің белгісі деген. Бұл арада талибаншыл діни өкіл дүйсенбі күні бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін деп айтты. Осыған дейін талибан жауынгерлерімен бейбіт келісім болмай қалған еді.