Ауғанстанда қарапайым азаматтар өлімі 40 пайызға жетті

Яғни БҰҰ әзірлеген баяндамаға қарағанда ол көрсеткіш өткен жылы 2118 адамға жеткен екен. Бұл адам шығындарының 55 пайызына-қарулы топтар кінәлі. Ал АҚШ, НАТО және Ауған әскері-қарапайым азаматтар қазасының 39 пайызына, яғни 829 адамның өліміне жауапты.

Мұның өзі Талибан биліктен кетірілген 2001 жылдан бергі ең жоғарғы өлім көрсеткіші болып отыр.