Израильде жаңа үкіметті жасақтау бойынша кеңестер басталады

Израиль президенті Шимон Перес жаңа үкіметті жасақтау мәселесі бойынша саяси партиялардың жетекшілерімен кеңес өткізе бастауға тиіс. Өткен аптадағы парламент сайлауыныңнәтижесіне арқа сүйеген 2 жетекші партияның серкелері – “Кадима” партиясын бастаған сыртқы істер министрі Ципи Ливни ханым мен “Ликуд” партиясының көсемі, экс-премьер-министр Беньямин Нетаньяху жаңа үкіметті жасақтауға құқы барлығын мәлімдеп отыр. “Кадима” Израиль парламенті – Кнессеттегі 120 мандаттың 28-іне, ал оңшыл “Ликуд” партиясы – 27 мандатқа ие болды.
Президент үкіметті жасақтауды өзге партиялармен коалиция құру мүмкіндігі басымырақ лидерге жүктеуі мүмкін.