Бушқа аяқ киімін лақтырған журналистің соты кейінге қалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушқа аяқ киімін лақтырған Ирақ теледидар журналисі Мунтазар әл-Зайди шетелдік басшыны жәбірледі деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оның қорғаушылары аталған қарсылық әрекеті аяқ астынан туындаған еді, дей келіп, әл-Зайдидің босатылуын сұрауда. Буштың ол сапарының ресми әлде бейресми негізде болғандығын анықтау керек деген себеппен сот өз отырысын наурыздың 12-сіне шегерді.