АҚШ Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламаны тоқтатуға шақырды

Сеулде сөз сөйлеген АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламаны тоқтату бойынша өз міндеттемелерін орындауға шақырды. Сондай-ақ Хиллари Клинтон аймақтағы американдық дипломатияның ардагері Стивен Босвортты Солтүстік Кореялық ядролық бағдарлама бойынша алты жақты келісімнің елшісі атады.