Алматы әкімі ғалымдар митингісіне тиым салды

Бүгін ҚР ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері өткізуге тиісті митингіге Алматы қаласының әкімі «кездейсоқ жағдайлардың туындауына» байланысты тиым салды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Ғылыми-зерттеу институтының өкілдері үкіметтің мемлекеттегі ғылыми мекемелерді акцияландыру туралы қаулысына қарсы наразылық акциясын ұйымдастырмақ болатын.

Әкімнің рұқсатымен өткізілгелі отырған митингке тиым салыну себебі — «Сарыарқа» кинотеатрының аймағында жерасты желісінің үзілуі деп айтылып отыр.