Қырғызстан АҚШ базасын жабатын болды

Қырғызстан президенті Құрбанбек Бакиев көрші Ауғанстандағы НАТО операцияларына қолдау жасап келген АҚШ әуе базасын жабу туралы заңға қол қойды. Осыдан бір күн бұрын ел парламенті Манас әуе базасын жалға беру келісімін тоқтатуды қолдап дауыс берген. АҚШ базасының жабылатыны туралы Қырғызстан Бішкектегі АҚШ елшілігіне ресми хат тапсырып, Манас әуебазасын жабуға 180 күн берді.