Қытайдың көмір шахтасында тағы да қайғылы апат болды

Қытайда көмір кенішіндегі газдың жарылысынан қаза тапқандардың саны 73-ке жетті. Жергілікті баспасөзге сілтеме жасаған Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 113 кенші ауруханаға жеткізіліп, 21-і ауыр халде жатыр. Тағы ондаған адам үйіндінің астында қалды.
Шаньси өлкесінің астанасына жақын көмір шахтасында жарылыс болған сәтте 400-ден астам кенші болған. Бұл апат 2007 жылдың желтоқсанынан кейінгі ең ірі қайғылы оқиға болуы мүмкін. Тағы да осы Шаньси өлкесіндегі 2007 жылғы апатта 105 кенші мерт болған еді.