Жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы «051» қызметінің кезекшілік пультіне «Сити центр» сауда-сауық кешені мен «Планета электроники» электр бұйымдарын сататын дүкеніне бомба қойылды деген жасырын хабарлама түскен.

Жасырын ақпарат бойынша сауда-сауық кешенінен 250 адам сыртқа шығарылған, бірақ жүргізілген тексеру барысында аталған екі орында да жарылғыш зат табылмаған.