Ирақ депутаты өзіне тағылған айыпты мойындамауда

Ирақтың сүнні араб депутаты өзіне тағылған айыпты, яғни парламент асханасында бомбалық жарылыс ұйымдастырды деген айыптауды жоққа шығарып отыр. Мұхаммед әл-Даини ақпанның 23-де болған баспасөз мәслихатында, үкіметті сынаушылардың үнін өшіру үшін жүргізіліп жатқан науқанның құрбандығына өзінің айналып отырғанын айтты.

Ұлттық Диалог майданының мүшесі әл-Даинидің айтуынша, шиилер басқарып отырған үкімет осы айыптауды өзіне тағу үшін оның қос оққағарын өлтірген.

Оны депутаттық иммунитетінен айыру туралы ұсыныс жасалған екен.

2007 жылдың сәуірінде болған сол асханадағы жарылыстан бір депутат және басқа 6 адам қаза болған еді.