ҚР президенті телерадиокешеніне жаңа басшы келді

ҚР президенті телерадиокешенінің басшысы болып Ерлан Бекхожин тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Айбек Юсуп мемлекеттік қызмет жүйесінің басқа саласына ауысты.

Дүйсенбі күні ТРК ұжымына жаңа басшыны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Бейбіт Исабаев пен президенттің іс басқарушысының орынбасары Мүсілім Умирьяев таныстырды.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін республикаға танымал журналист Е. Бекхожин 2004 жылдан бері «Айқын» және «Литер» күнделікті басылымдарының құрылтайшысы «Литер Media» ЖШС –ін басқарды.