Қазақстанның «Алға» халықтық партиясының үйлестіру комитеті ЕҚҰЫ-на Үндеу жариялады.
«Қазақстан билігінің әлемдік қаржылық дағдарыстың нәтижесін жеңуге қарсы деген сылтаумен жасаған әрекеті еліміздің көптеген азаматтарына дағдарыстың өзінен де ауыр тиді десек болады. Біз ЕҚЫҰ басшы органдары мен осы ұйымға мүше елдердің Парламенттерін маңызды халықаралық демократиялық ұйымды басқару тапсырылып отырған Қазақстандағы билеуші режимінің антидемократиялық, авторитарлық мәніне назар аударуға шақырамыз; Біз әлемдік демократиялық қауымдастықты «шикізаттық демократиялары» бар елдермен «маңызды» қатынастарды жасаудан бас тартуға шақырамыз және Қазақстандағы демократияның жағдайына ел азаматтарының құрметіне ие болатын баға берулерін талап етеміз», — делінген Үндеу мәтінінде.
Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген партия жетекшісі Владимир Козлов: «Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ сынды ұйымға мүше болуға ниетті бола отыра, ол ұйымның негізгі ұстанымдарын ескермей отыр, бұл жерде біздің етіміз әлдеқашан үйреніп кеткен Конституциялық құқық сияқты мәселелер бар. Осыған байланысты біз ЕҚЫҰ-ның назарын өзіміздің Үндеуде келтірген жайларға аударып, қазақстандық биліктің бұл мәселедегі іс-әрекетіне қатысты әділ бағасын білгіміз келеді», — деді.