Сәт Тоқпақбаев ҚР ҰҚК айыптап отыр

Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін өзінің телефондағы әңгімелерін тыңдады, ал «Арыстан» арнаулы бөлімшесін рейдерлікке жәрдемдесті деп айыптап, мемлекет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

Депутаттық сауалында Конституцияның кепілі ретінде мемлекет басшысына қайырылған Сәт Тоқпақбаев президенттің көмегімен ҰҚК-нен парламент депутатына қатысты оперативті-техникалық шараны жүргізгенін, яғни өзінің телефондағы әңгімесін қандай негізде тыңдағанына жауап алғысы келеді.

Сондай-ақ депутат Бас прокуратура қызметкерлерінің нақты қайсысы телефон әңгімесін заңсыз тыңдауды рұқсат еткенін білгісі келеді. Және өз әріптестеріне төменгі палатаның кезекті отырысына ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевты шақырып, одан депутаттық сауалда қойылған сұрақтарға жауап алуды ұсынды.