Клинтон Таяу шығыста тезірек бейбітшілік орнатуға шақырды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Газаға көрсетілетін көмек израилдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбітшілік орнатудың бір бөлігі болуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы Клинтон бүгін Мысырда басталған халықаралық донорлардың конференциясында хабарлады. Аталған жиын Израилдің таяудағы әскери операциясынан зардап шеккен Газаны қайта құруға көмектесуге бағытталған. Хиллари Клинтонның атап көрсетуінше, АҚШ Палестина автономиясына көмек ретінде 900 милллион доллардан көп қаржы бөлмек. Бірақ бұл қаржы Газаны бақылайтын исламшыл Хамас тобына берілмейді деді Клинтон.