Бүгін Мәскеуде ондаған адам Eurovision әндер байқауына Грузияның қатысатынын айыптап, наразылық танытты. Шерушілердің айтуынша, ол байқауда Грузия тобы айтатын өлең Ресей мен оның премьер-министрі Владимир Путиннің ар-ожданына нұқсан кертіретін көрінеді. Кремлді қолдайтын жастар қозғалысы наразылық шарасын Мәскеудегі жабық тұрған Грузия елшілігі алдында өткізді. Eurovision байқауы мамыр айында Мәскеуде өтеді деп жоспарланған.