Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев Манас әуе базасына қатысты АҚШ-пен келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Манас әскери базасы 6 айдан кейін жабылады деп күтілуде.
Өткен айда Қырғыз парламенті Ауғанстандағы операциялары үшін АҚШ пен НАТО-ға маңызды боп табылатын бұл базаны жабу жөнінде дауыс берген болатын. Кейінірек үкімет бұл туралы ресми түрде АҚШ елшілігін хабарлады. Бірақ Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Бәкиев келіссөз өткізуге “есік жабылған жоқ” деп мәлімдеді. Бәкиевтің айтуынша, оның үкіметі Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған АҚШ-тың кез келген ұсынысын қарастыруға әзір.