Иран Эквадордағы электростанцияның құрылысына көмектеспек

Иран Эквадордағы электростанцияның құрылысына қаржылай қолдау білдіруді жоспарлап отыр, — деп мәлімдеді Иранның энергетика министрі Хамид Читчиян Эквадор президенті Рафаэль Корреамен кездесуде.

Хамид Читчияннің айтуынша, Иран Эквадорға 10 және 15 мегаваттық екі энергоблок салуға тиісінше көмек береді. Сондай-ақ Кито термалдық электростанция салатынын және шағын және орта бизнесті дамытуға Тегераннан 40 миллион доллар алатынын жариялады.

Иран қаңтар айында Эквадордағы мұнай өндіруге 280 миллион доллар бөлгенін мәлімдеді.