Осы аптада соққыға жығылған Қырғыз журналисі өзіне қол жұмсағандардың табылатынына күмән келтіруде. Сырғақ Әбділдаевтің Азаттық радиосына айтуынша, ол кәсіби қызметіне байланысты соққы жеп отыр. Ол із-түзсіз жоғалған саясаткерлер жөнінде мақалалар жазған еді. Шабуылдан бірнеше ай бұрын белгісіз біреулердің өзін аңди бастағанан журналист байқаған екен. Репортер-Бішкек апталығының тілшісіне наурыздың 3-і күні күні редакция жанында белгісіз біреулер 20-дан аса мәрте пышақ сұғып, қос қолын сындырып кеткен болатын.
Наурыздың 5-де есін жия бастаған Әбділдаев баспасөзге сұхбат бере бастады.
Наурыздың 5-де есін жия бастаған Әбділдаев баспасөзге сұхбат бере бастады.