Клинтон: Обама Түркияға бармақ

Президент Барак Обама шамамен бір айдан кейін Түркияға сапармен барады. Бұл туралы сенбі күні Анкарада АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон хабарлады. Клинтон Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен және сыртқы істер министрі Али Бабачанмен кездесіп, аймақтық мәселелерді талқылады.

Ол сондай-ақ Израиль мен Сирия арасындағы бейбітшілік келіссөздерін қайта жандандыруға шақырды. Ресми Анкара болса, егер екі жақ мұны қаласа, біз ара ағайын болуға әзірміз деп отыр.