Ирақ ресмилерінің хабарлауынша, жексенбі күні Бағдадта орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұл шабуыл Ирақ астанасындағы полиция ғимаратының алдында болған. Ресмилердің айтуынша, велосипедте келген бір жанкешті адам өзін-өзі жарып жіберген.