Клинтон Түркияға алғысын білдірді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Анкарада Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен және сыртқы істер министрі Али Бабачанмен келіссөз өткізді. Хиллари Клинтон Түркияны Ауғанстандағы НАТО миссиясына қосқан үлесі үшін мадақтады. Клинтон сондай-ақ Анкараға Ираққа инвестиция құйғаны үшін және тоқтап қалған Израиль-Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қатысты Түркияның рөлі үшін өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар Клинтон алдағы айда президент Барак Обаманың Түркияға сапармен баратынын хабарлады.