Хабарларға қарағанда, Түрік әскери ұшақтары Ирақтың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілері бекіністерін бомбалады. Наурыздың 12-де болған ол шабуылдар Ирақтың Зап-Авашин аймағындағы ПКК құрылымдарын көздеген екен. Ресми Анкара мәліметтеріне қарағанда, Ирақтың солтүстігіндегі таулы аймақтарда 2 мыңдай күрд көтерілісшілері жасырынуда. Олар сол жерден Түркияға қарсы шабуылдарын жүзеге асырып келеді дейді хабарлар.