Иран: тыйым ядролық бағдарламамызды тоқтатпайды

Президент Махмуд Ахмадинежад Иранға қарсы халықаралық тыйымның одан әрі жалғасуын “баланың ойыны” және “үлкен қателік” деп бағалады. Осы мәлімдемеден бір күн бұрын, АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы Құрама Штаттар тыйымын кем дегенде тағы бір жылға ұзартқан болатын. Иран үкіметінің саясатында АҚШ-қа қалыптағыдан тыс қатер төндіретін сипаттар бар деген еді Обама. АҚШ компанияларынның бұл тыйым бойынша Иранның мұнай өндірісін дамытуға көмектесулеріне, сондай-ақ Теһранмен сауда, инвестициялық байланыс орнатуларына рұқсат етілмейді.

Аталған тыйым Иранға алғаш рет 1995-ші жылы, Клинтон әкімшілігі тұсында салынған болатын. Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар және жаппай қырып-жоятын қару жасауда деген айыптар Иранға тағылған еді.