Пәкістан билігі оппозицияны келіссөзге шықырды

Пәкістан президенті оппозициялық партияларды елдегі саяси дағдарысты аяқтау үшін келіссөз өткізуге шақырды. Алайда президенттік мәлімдемеде заң мен тәртіп әрдайым бірінші орында болады деп айтылған.

Заңгерлер мен оппозициялық партиялар мемлекет басшысынан бұрынғы президент Первез Мушарраф тарапынан қызметінен кетірілген сот төрағаларын қалпына келтіруді талап етіп отыр. Президент Асиф Али Зардари бұл талаптарды орындаудан бас тартқан соң елде дағдарыс орын алды.

Бейсенбі күні басталған жаппай наразылық шаралары дүйсенбіде Исламабадта жалғаспақшы. Үкімет шерулерге тыйым салды. Наразылық шараларын ұйымдастырушылардың айтуынша, мыңнан аса оппозиция басшылары мен белсенділері қамауға алынған.