Ауғанстандағы шабуылдан француз және ағылшын сарбаздары опат болды

Ауғанстандағы шайқаста Франция мен Британия сарбаздары қаза тапты. Франция қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Каписа өлкесінің Аласай жазығы жанында жүргізілген операция барысында бір француз сарбазы опат болған. Бүлікшілердің шабуылынан сондай-ақ бір француз жауынгері мен 6 ауған сарбазы жарақат алды деп хабарланып отыр.

Ал бұл екі арада, Британия ресмилері Хелманд өлкесінің Мұса Қала аймағы жанында болған жарылыстан бір ағылшын сарбазының қаза тапқандығын мәлімдеді.