Ресей үкіметіне қарсы наразылық шарасы өтті

Жексенбі күні Владивостокта мыңға жуық адам Ресей үкіметінің биліктен кетуін талап етті. Шерушілер елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты наразылық танытып, премьер-министр Владимир Путинге қарсы ұрандар айтты.

Ресейдің Қиыр Шығыс аймағындағы Владивосток қаласында өткен жылдан бері үкіметке қарсы бірқатар наразылық шаралары ұйымдастырылды. Қаржы дағдарысы кесірінен жүздеген мың адам жұмыссыз қалып отыр.