Ақпан айында жұмыссыздық деңгейі 7,1 пайызды құрады

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің сайтында бүгін жарияланған мәліметке сәйкес, биылғы жылғы ақпан айында елдегі жұмыссыздар саны 598,5 мың адамға жетіп, жұмыссыздық көрсеткіші 7,1% құраған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде 66,5 адам ресми тіркелген (халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 0,8 %).

Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі, ақпан айында, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 1,9 % шамасында болды, деп отыр Статистика агенттігі.