АҚШ шағын бизнесіне көмек көрсетілмекші

АҚШ президенті Барак Обама елдегі шағын бизнес саласына бірнеше миллиардтаған доллар қарыз беру туралы жоспарды наурыздың 16-да жарияламақшы. Қаржы дағдарысы кезінде қиындықпен күресіп жатқан бұл салада америкалық жұмыскерлердің 70 пайызы қамтылған екен. Аталған жоспар Обама әкімшілігінің әлемдік дағдарыстан елді алып шығуға бағытталған пәрменді мақсаттарының келесі қадамы болып отыр. Ел үкіметі сондай-ақ қарызға батушы банктерге тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.