Хатами президенттік сайлаудан кандидатурасын алып тастамақшы

Иранның бұрынғы президенті Мұхаммед Хатами президенттік сайлау жарысынан кандидатурасын алып тастайтын сияқты. Әзірге бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Хабарларға қарағанда, Хатами бұл жөнінде таяу арада мәлімдеме жасамақшы. Ол 1997-2005 жылдар арасында Иран президенті болған еді. Хатами алдағы жылдарда Иран мен Батыс байланыстарында жылымықтың болатындығына болжам айтуда. Ол байланыстар президент Махмуд Ахмадинежадтың билігі кезінде қатты шиеленісіп кеткені белгілі. Хатамидің орнына келесі реформашыл үміткер ретінде бұрынғы үкімет басшысы Мир Хусейн Моусави таңдалуы мүмкін дейді хабарлар.