Қырғызстанның қаржы министрі Марат Сұлтановтың айтуынша, елдегі осы жылдың кірісі күтілген 125 млн доллардан аз болып отыр. Бірақ бұл жетімсіз тұстар Ресейдің көмегімен жабылатын болады деді министр.
Қырғызстан өткен айда Ресейден 2 млд доллар несиемен қатар 150 млн доллар көмек алған болатын.
Ресейдің бұл қолдауынан кейін Қырғызстан президенті Манастағы АҚШ әуебазасын жабатыны туралы хабарлады.
Өткен айда қырғыз премьер-министрі Игорь Чудинов Ресейдің қаржылай көмегі қорда сақталып, тек экономикалық дағдарыс күшейгенде ғана қолданылады деген еді.