Түркия мен Ирақ президенттері Стамбулда келіссөз өткізді

Бүгін Стамбулда Ирақ президенті Жалал Талабани түркиялық әріптесі Абдулла Гүлмен келіссөздер өткізді. Түркиялық ақпарат көздерінің хабарлауынша, келіссөздердегі басты тақырып - өзара сауда байланыстарын дамыту үшін қауіпсіздікті қалай жақсартуға болады деген мәселе болды.
Түркия президентінің өкілі кездесу жақсы өткенін хабарлады.
Екі президент Стамбулда өтіп жатқан Әлемдік су форумы аясында кездескен.