Бүгін Әзірбайжанда президенттік мерзімге қатысты шектеулерді алып тастауға бағытталған референдум өтеді. Сыншылардың пікірінше, бұл шара Алиевтердің 40 жылдық саяси билігін біржолата бекітуге бағытталған. Еуропа кеңесінің конституциялық мәселелер бойынша кеңесшісі - Венеция комиссиясы Әзірбайжандағы президенттік мерзімге қатысты шектеулерді алып тастау “бұл мемлекеттің демократия жолындағы кері кетуін дәлелдеуі мүмкін” деп атап көрсетті.