Қазақстанда тағы бір журналист соққыға жығылды

Шымкенттік “Отырар” телеарнасының журналисі Азиз Мырзабаев соққыға жығылып, жарақат алған. Наурыздың 16-нан 17-не қараған түні Мырзабаев полицияның рейдіне журналист ретінде қатысқан болатын. Оқиға жерінен хабар жинаған Мырзабаевты үйінің алдында белгісіз адамдар ұрып, журналистің камерасын ұрлап әкетті деп хабарланып отыр. Осыған байланысты тергеу ісі басталды.