Қырғызстанда президент сайлауы шілдеде болады

Шілденің 23-де Қырғызстанда президент сайлауы өтеді. Бүгін ел парламентіндегі депутаттардың басып бөлігі осы ұсынысты мақұлдап, дауыс берді.

Бейсенбі күні елдің Конституциялық соты сайлау қазанның 25-не дейін өткізілуі тиіс деген шешім шығарған болатын. 2005 жылдың шілде айында төртжылдық мерзімге сайланған президент Бәкиев сайлауға қайта түспекші. Оппозиция үкіметті Бәкиевтің қарсыластарына тосқауыл қоюда деп айыптады.