Ресейде би кешіне 4 адам қаза тапты

Ресейдің Первоуральск қаласында тегін би кешіне енбек болған жерде 4 адам тапталып қалды. Бұл өлім үшін жергілікті полиция осы хабарды таратқандарды айыптап отыр. Би залына алғашқы жарты сағатқа кіре алғандар ақша төлемейді, деген хабарландыруды естісімен би залы есігіне адамдар кептеліп қалған екен. Тағы 4 адам ауыр жарақат алған боп шықты. Ресмилер оқиғаға қылмыскер элементтердің араласы бар ма, жоқ па деген сауалды зерттеуде.