Бүгін Ауғанстандағы НАТО басқаратын күштер елдің оңтүстігіндегі Гильменд облысында тоғыз содыр мен олардың көсемін өлтіргенін хабарлады. Халықаралық күштердің мәліметі бойынша, содырлар сенбі күні Кажаки өлкесінде оққа ұшқан. Хабарға қарағанда, өзінің 9 үзеңгілесімен бірге Маулави Хассанның да көзі жойылған. НАТО әскерінің хабарлауынша, М.Хассанның түрлі қастандық шабуылға тікелей қатысы болды. Бұл хабарды әзірше ауған армиясы растамай отыр.