Киев пен Брюссель екіжақты декларацияға қол қойды

Украина мен Еуропа Одағы Украинаның газ тасымалдау жүйесін жетілдіру жоспары туралы декларацияға қол қойды. Құжатқа Украина мен ЕуроОдақтың және халықаралық қаржы институттарының жоғары мәртебелі өкілдері бас қосқан Брюссельде қол қойылды. Брюссельде Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко мәлімдегендей, газ тасымалдау жүйесін жетілдіруге бірнеше миллиард еуро қаржы керек болады.
Ресейдің энергетика министрі Сергей Шматко Украинаның газ тасымалдау жүйесін жетілдіру проблемасын Мәскеудің қатысуынсыз тиянақты шешуге болмайды деп мәлімдеді.